Жыл сайын Қазақстанның жалпы білім беретін оқу орындарында 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін "Мектепке жол"республикалық акциясы өтеді. Акцияның мақсаты-аз қамтылған, көп балалы отбасылардағы балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке бармаудың алдын алу