14.09.2022 "Леонидовка негізгі мектебі" КММ-де 1-сыныпта "Мен және менің отбасым"сынып сағаты өтті Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынастың маңыздылығын, отбасындағы құнды дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығын айқындату.
13.09.2022 "Леонидовка негізгі мектебі" КММ-де Отбасы күнін мерекелеу аясында 1-4 сынып оқушылары арасында «Отбасы тақырыбы бойынша мақал-мәтелдер" байқауы өтті. Бұл байқау отбасы барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған түсінуге көмектесті
08.09.2022ж «Леонидовка НМ» КММ-де «Ұлттың ұлы ұстазы -Ахмет Байтұрсынов» атты әдебиет кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Қазақ халқының әлеуметтік,саяси,мәдени,тарихи өмірінде орны айырықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік,ұлтжандылық,отансүйгіштік қасиеттерді дамыту; ақын,қоғам қайраткері, педогог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп,жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
8.09.2022 "Леонидовка негізгі мектебі" КММ-де "Отбасы күнін мерекелеу аясында "Мен және менің отбасым" тақырыбында фотосуреттер байқауы өтті, Бұл байқауға 1-4 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты.
«Леонидовка негізгі мектебі» КММ-де Ахмет Байтұрсынұлы 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық "Ахмет Байтұрсынұлы- дәуірдің дара тұлғасы" тақырыбында ашық диктант ұстаздар мен 7-9 сынып оқушылары арасында өткізілді.